{metadescription}
Танымал актер байлығын қайырымдылыққа таратып беретінін мәлімдеді

Танымал актер байлығын қайырымдылыққа таратып беретінін мәлімдеді

«Қалтарыстағы жолбарыс, тасадағы аждаһа» және «Керемет әзірленген» фильмері арқылы танылған танымал қытайлық актер Чоу Юнь-Фат байлығын қайырымдылыққа беруге уәде берді.

Танымал қытайлық актер Чоу Юнь-Фат байлығын қайырымдылыққа таратып беруге уәде берді, деп жазады Stan.kz.

«Мен қарапайым бақытты адам болуды армандаймын. Өмірдегі ең қиын нәрсе сенің қанша табыс табатыныңда емес, тыныш, таза ақыл-ойыңды сақтап, қарапайым және уайымсыз өмір сүруіңде», – деді актер Чоу Юнь-Фат тілшілерге берген сұхбатында.

Юнь-Фат айына 100 доллардан көп ақша жұмсамайтынын айтты. Ол 17 жылдан астам уақыт бойы бір телефон ғана ұстап, оны тек бұзылғаннан кейін жаңасына ауыстырған. Сондай-ақ, ол заттарды көбінесе арзандатылған дүкендерден сатып алатын көрінеді.

«Мен киімді біреулер үшін кимеймін. Маған сол киімде ыңғайлы болса, соның өзі жеткілікті»,-дейді танымал актер.

Айта кетейік, Юнь-Фаттың байлығы шамамен 714 миллион долларды құрайды. Бүгінде байлығын қайырымдылыққа таратып беретінін мәлімдеген актер бұрын да қайырымдылықпен айналысатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде