{metadescription}
Парламенттік сайлауда болған жарылыстардан 55 адам қаза тапты

Парламенттік сайлауда болған жарылыстардан 55 адам қаза тапты

Ауғанстандағы парламенттік сайлаудың екінші күні елдің шығысындағы Нангархар провинциясында жарылыс болды.

Нәтижесінде 11 адам қаза тапты. Ауғанстанның 1TV телеарнасы провинцияның губернаторының өкілі Айатолла Хогиянның айтуынша, жексенбіде Ахин аймағында жарылғыш заттармен толтырылған автокөлік жарылды. Өлгендердің ішінде алты бала, әйел және төрт ер адам болды. Осыған қарамастан, провинцияда сайлау процесі жалғасуда.

Сонымен қатар, сенбі күні Ауғанстан парламентінің төменгі палатасына сайлаудың алғашқы күні Кабулдағы сайлау учаскелерінің жанында үш рет жарылыс болды. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, тұтастай алғанда, осы күні ел аумағында 192 қарулы оқиғалар тіркелді, соның ішінде террорлық шабуылдар мен жарылыстар. «Пажвак» агенттігінің хабарлауынша, шабуылдан кем дегенде 44 адам құрбан болған, тағы 238 адам жарақат алған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде