{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Пиццаға тапсырыс беретін музей ашылды

Америка елінің Бруклин қаласында пицца музейі есігін ашты.

Балқытылған ірімшік пен тақырыптық пицца-жағажайын аралауға мүмкіндік туды десе де болады. Бруклинде енді туристер италиялық тағам -  пиццаның барлық түріне арналған интербелсенді музейге бара алады.

 

Пицца музейін құрған Карим Рахман былай дейді:

"Пицца музейі - бұл жаңалықтарға, поп-мәдениетке, білімге арналған жер. Мұнда пицца-видеоойындар, пицца-өнер, пицца-инсталляциялар, пицца-тарих - бәрі бір жерге тоғыстырылған. Мақсатымыз - ортақ. Ақшасыз қалып бір долларға пицца сатып алатындар мен туған күнін достарымен бірге үлкен пиццакға тапсырыс беріп осы жерде тойлауына болады".

Музейге келгендер неше түрлі пиццаның қорабын тамашалап, тіпті онымен фотографтың көзінше лақтырып ойнауына рұқсат берілген.

Пицца жеп тұрған Венера Ботичеллиді тамашалап, үшбұрышты етіп кесілген пиццаның пішімінде жасалған небір дүниеге қарқ боласың. Ал қарның ашқанда, музейдің ішінде тамақтануға да мүмкіндік бар.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.