Алматыда полиция көлігі өртенді
Алматыда полиция көлігі отқа оранды.
Фото: Казинформ
16:37 25.10.2018
Төтенше жағдай Майлин мен Хмельницкий көшелерінің қиылысында болған.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысына тіркелген «Дэу Нексиа» көлігі түскі сағат 12:50-лер шамасында өздігінен тұтана бастаған.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 6 минутта сөндірді.
Қызыл жалын 4 шаршы метр аумақты щарпыған. Өрттен ешкім жапа шеккен жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары