{metadescription}
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады.

8 қарашада Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашын мол түсуі мүмкін, әсіресе, таулы аймақтарда. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметіне сүйенсек, Aқмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Кей жерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және еліміздің батыс қиырында жауын-шашын болмайды. Кей жерде екпінді жел соғып, тұман түседі, көктайғақ, солтүстік-шығыста жаяу бұрқасын сақталады. Түркістан облысының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Aтырау, Aлматы облыстарының кей жерінде тұман түседі, Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде