{metadescription}
Маңғыстаулық жас өнертапқыш жасанды қол ойлап тапты

Маңғыстаулық жас өнертапқыш жасанды қол ойлап тапты

16 жасар Назира Қыдырбаева мүгедек жандарға арналған қол протезін ойлап тауып, ғылыми тұрғыдан тұжырым жасады.

Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің мәліметінше, Назира Қыдырбаева Ақтаудағы аталмыш оқу ордасының 11-сыныбында оқиды. Алғыр оқушы жасанды қол техникасы туралы жобасын былтыр зерттеп бастаған. Оның айтуынша, өзін шетелге шығуға мүмкіндігі жоқ, мүгедек жандардың тағдыры көп толғантады. Сондықтан ойлана келе, қарапайым және кез-келген жанға қолжетімді қол протезін жасап шығаруды мақсат еткен.

«Мен жасап шығарған протез оңай қызмет етеді. Адамның сау қолының бұлшықеттері жиырылғанда, датчиктен микро бақылаушыға сигнал барады. Микроконтроллер келген белгіні өңдеп, моторға бағыттайды. Келген сигналға сәйкесінше, сервомотор саусақтарды жұдырыққа жұмады немесе ашады»,-дейді Назира Қыдырбаева.

Ақауы бар қол жасанды материалдан жасалған механикалық қолмен біріктіріледі. Ол белгілі бір сигнал берілген соң, мықтап қысылады. Сигнал сенсор арқылы сау қолға қосылған құрылғыдан келеді. Сенсорлар сау қолдың бицепс және трицепс бұлшықеттеріне орнатылып, күш жұмсап жатқанда сигнал беруді жүзеге асырады. Құрылғы көмегімен жасанды қол жұмылады.

«Әдетте дені сау адамдарға қарапайым нәрселерді жасау мүмкін болмаған кезде мүгедектерге өмір сүру, тіпті оңай емес екенін ойлайсың. Мысалы, қолы жоқ адамға заттарды ұстауға мүмкіндік болса, қандай жақсы! Мен жасанды қолмен заттарды алуға көмектесетін құрылғы жасауға тырыстым. Бұл менің алғашқы тәжірибем. Егер табысты болып жатса, осындай құрылғылар арқылы мүгедектерге көмек көрсетуді жалғастырғым келеді. Бұл құралдар өте қарапайым және арзан болуы керек. Өнертабыс мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға арналған. Мұны қандай да бір жағдайда қолынан айырылып қалған адамдар қолдана алады»,- дейді өнертапқыш.

Протездің артықшылығы оған аз қаражат жұмсалады. Нарыққа шолу жасаған өнертапқыш елімізде 100 млн. теңгеге 50-70 адам протез салдыратынын айтады. Шамамен бір жасанды қол 2 млн теңгеге жуықтайды.

«Бұл қарапайым халықтың қалтасына ауыртпалық салатыны рас. Менің таңдаған материалдарымнан бір қол 500 мыңға жуықтайды, жоба нәтижесін берсе 100 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік болады»,- дейді Назира.

Оқушының жобасына бастапқы қаржы ретінде 2 млн. 800 мың теңге қажет. Аталған қаражатты табуға көмектесер жан табылса, жас өнертапқыш болашағын осы кәсіпті дамытумен байланыстырмақ.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

12 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.