{metadescription}
Жамбылда 16 жастағы қызға іздеу салынды

Жамбылда 16 жастағы қызға іздеу салынды

Жамбыл полициясы із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы қызды іздестіріп жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Жамбыл облыстық полиция департаментіне қарасты қылмыстық полиция басқармасы 2002 жылы туған А. есімді Қордай ауданының тумасына іздеу салады, - делінген полиция хабарламасында. - Ол 27 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бүгінге күнге дейін табылмай отыр. Белгілері: бойы - 160-165 см, арық та, толық та емес, орташа, шашы қысқа, қара. Маусымға қарай киінген».

Полициядағылар қыздың психикалық дертке (шизофрения) шалдыққанын атап өтті.

«А-ның қайда екенін білетін жан болса, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе мына телефондар арқылы Жамбыл облыстық полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасына хабарласуын өтінеміз:

8 (7262) 99-71-21, 8 (7262) 99-71-49, 8 (7262) 99-71-86 немесе 102», - дейді Жамбыл ОПД ҚПБ өкілдері. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде