{metadescription}
12 жасар баланың із-түссіз жоғалып кеткеніне 4 ай болды

12 жасар баланың із-түссіз жоғалып кеткеніне 4 ай болды

12 жасар Руслан Нұртораев 22 маусымда жоғалып кеткен деп жазады.

Шымкентте 12 жасар Руслан Нұртораев 22 маусымда жоғалып кеткен. 

«Дүкенге шығып кеткен ол, үйге оралмаған. Содан бері 4 ай өтті. Баладан әлі күнге дейін еш хабар жоқ. Руслан өгей шешесінің қолында тұрған. Бірақ олардың қарым-қатынасы жақсы болыпты. Қазір баланың әкесі уайымнан өзін қоярға жер таппай отыр», – дейді еріктілер тобы.

Баланың жақын туысқандары оның мектепте жақсы оқитынын және бұзақылық әрекетке әуес болмағанын айтқан.  Олар баланың жоғалғаны туралы полицияға арыз жазған. Русланның бойы – 1,50 см, шашы қара. Сол күні үстіне сұр футболка және көк шалбар киген.

Баланың жақындары егер Руслан туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса +7 778 100 14 35 телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Дереккөз: sn.kz

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде