{metadescription}
Нурмагомедов МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасуға келісті

Нурмагомедов МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасуға келісті

Бұл мәліметті Хабибтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов хабарлаған.

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл мәліметті Хабибтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов хабарлаған.

"Конормен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге қатысты айтатын болсақ, ондай жекпе-жек біз үшін қызық. Хабиб аралас жекпе-жектегі ең үздіктерді жеңе алатынын көрсетті. Ол бұл жөнінде бұған дейін де айтқан, бірақ көп ешкім сенген жоқ. Алайда Майкл Джонсонды, Эдсон Барбозаны, Конорды жеңгеннен кейін сене бастады", - деді ол.

Еске сала кетейік, 6 қазанда Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Хабиб Нурмагомедов чемпиондық атағын қорғап қалды. Ол МакГрегорды тұншықтыру әдісімен төртінші раундта жеңді.

Бұл жеңісінен кейін ол кіші-Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырды. Америкалық спортшы ұсынысты қабылдап, өз талаптарын қойды. Алайда МакГрегор 2017 жылы Мейвезермен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізген. Ол кезде ирландиялық спортшы техникалық нокаутпен оныншы раундта жеңілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.