Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жұртқа оқ атқан күдіктіні полиция атып өлтірді
Полиция Страсбург орталығында жұртқа оқ атқан ер адамды атып өлтірді.
09:30 14.12.2018
Страсбург қаласының орталығында атыс жасады деген күдікке ілінген Шериф Шекат бейсенбі күні таңертең өлтірілді. Бейсенбі күні кешкісін құқық қорғау органдары күдікті Шериф Шекат тұратын Нодорф ауданына кезекті рет операция жүргізген. Полицейлер тұрғындардың бірінің хабарламасынан кейін атқыштың соңына түскен. Іздеуде болған күдіктіні ол көшеде көріпті.
Ер адамның жарақаттары болған. Әйел ол туралы бірден полицияға хабарлап, сол ауданға арнайы жасақ жіберілген.
Тәртіп сақшылары оны тоқтатпақ болған, бірақ Шериф Шекат оларға қарай оқ жаудыра бастаған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оған оқ атып, қылмыскерді өлтірді.
Еске салсақ, сейсенбі күні кешкілік Страсбург қаласының орталығында, рождестволық жәрмеңкеге жақын маңда адамдарға атыс қаруынан шабуыл жасалды. Нәтижесінде үш адам қаза тауып, 13-і жараланған. Франция билігі шабуылды теракт деп атады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram