Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жаңа жыл мерекесінде уланып қалудан қалай сақтануға болады
Мереке қарсаңында тамақтан уланудың алдын алған жөн.
12:47 31.12.2018
Негізгі қауіпсіздік шаралары туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Алматы облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мерекелік дастарханға азық-түліктерді сатып алғанда ерекше сақ болған дұрыс. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың көрсетуі бойынша, қауіпті болуы мүмкін азық-түлік қатарында ет өнімдері (18%), сүт өнімдері (17%), кондитерлік өнімдер (7%), құс еті (6%) бар. Үнемі қолды жуып, ас үйдегі тазалыққа ерекше мән беру қажет. Сондай-ақ азық-түлікті сақтау шарттарын бұзбау да маңызды», - дейді департамент басшысы Ерғали Сыдыманов.
Оның айтуынша, балаларға сыйлық аларда абай болған жөн. Өйткені, департамент жүргізген тексеріс кезінде ойыншықтардың 19%-ы Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сай келмейтіні анықталған. Соның 95%-ы таңбалау талаптарын бұзған, ал тағы біршамасынан улы формальдегид табылған. Байқамай сапасыз азық-түлік немесе тауарларды сатып алғандар бұл жайлы департаментке хабарласуына болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram