{metadescription}
Жамбыл облысында бір адамнан 2 кг марихуана табылды

Жамбыл облысында бір адамнан 2 кг марихуана табылды

Жамбыл облысы Меркі ауданында бұрын сотты болған азаматтан кептірілген марихуана табылды.

 «2019 жылы 5 қаңтарыда Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Меркі ауданы, Беларық ауылында осы ауданның 53 жастағы И. есімді тұрғынын ұстады. Ол 2009 жылы ҚР ҚК 259-бабының 1-бөлігі бойынша сотталып, жазасын өтеп келген. Оны тінту кезінде көк түсті полипропилен қапшығына салынған, жалпы салмағы 2кг 230 гр болатын кептірілген марихуана табылды», - делінген департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Жамбыл облысында бір адамнан 2 кг марихуана табылды. Қазіргі таңда ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын алу тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.