Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
60 млн жылдық үңгір керемет мейрамханаға айналды
Иорданиядағы мына бір ерекше мейрамханада дәмді ас ішіп қана қоймай, тарихқа сапар шегуге болады.
16:26 16.01.2019
Мейрамхана етіп жабдықталған үңгірдің пайда болғанынан 60 миллион жылдан асып кеткен. Иорданияда осы үңгірді тауып алған геофизик Джордж Хаддадин бастапқыда музей ашпақ болып, кейін ойын өзгерткен екен.
Мейрамхана иесі Джордж Хаддадин мұндай музейге қызығушылар аз болатын шығар деп ойлап, үңгір ішінде тағам мен сусындар сатуға шешім қабылдайды. Ал келген қонақтар ас жайында мүлдем ұмытып, үңгірдің тарихына көбірек үңілетін көрінеді.
"Біз ескі өркениеттер, үңгірдің геологиясы мен тектоникасы туралы айтамыз", — деп атап өтті ол.
Бір қызығы үңгір табиғи қалпын сақтапты әрі мейрамхана іші әйнек еден арқылы бірнеше бөлікке бөлінген, соның арқасында адамдар ескі тау жыныстарын армансыз тамашалай алады.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram