{metadescription}
Альварес пен Джейкобс жұдырықтасады

Альварес пен Джейкобс жұдырықтасады

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс рингте кездеседі.

Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де ла Хойя мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниел Джейкоб арасындағы жекпе-жек өтетінін ресми түрде мәлімдеді. Кездесу Лас-Вегастағы Т Mobike аренасында мамырда өтеді. Жекпе жекке Альварестің WBA, WBC, The Ring чемпиондық титулдары, Джейкобстың IBF белбеуі тігілген. Чемпиондық белбеулерді біріктіретін жекпе-жек 4 мамыр Мексиканың ұлттық мерекесі "Синко де Майо" күні өтеді.

Альварес те, Джейкобс те соңғы рет Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасқан: мексикалық 15 желтоқсанда үшінші раундта британиялық Рокки Филдингті (27-2, 15 КО) нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBA белбеуін тартып алған, ал Джейкобс 27 қазанда төрешілер шешімі бойынша украиналық Сергей Деревянченконы (12-1, 10 КО) жеңіп, IBF чемпионы атанды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде