{metadescription}
50 оқушы мінген автобус жол апатына ұшырады

50 оқушы мінген автобус жол апатына ұшырады

Үндістанның оңтүстік-шығысындағы Андхра-Прадеш штатында 50 оқушы мінген мектеп автобусы аударылды.

50 оқушы мінген автобус жол апатына ұшырады. Нәтижесінде, оқушылардың ішіндегі алтауы өте ауыр халде. Үндістанда елу оқушы мінген автобус апатқа ұшырады, оның балалардың жиырмасы жарақат алған. Бұл туралы India Today жазды. Желіде, автобус жүргізушісі мас күйінде рөлге отырғаны туралы ақпарат және оқиға орнында аударылған сары түсті көлік пен оның жанында көптеген адамдардың тұрған суреті тараған.

Оқиға Андхра-Прадеш штатындағы Гунтур ауданында болған. Балаларды жақын маңдағы мемлекеттік ауруханаға апарған. Деректер бойынша, алты оқушының жағдайы өте ауыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.