Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ЭКСПО үшін салынған үйлер қанша тұрады?
«Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде салынған үйлердің бағасын айтты.
15:38 01.02.2019
«ЭКСПО аумағында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешеніндегі баспаналардың шаршы метрінің құны сатып алудың таңдалған әдісіне байланысты өзгермейді. Яғни, тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі 399 900 теңгені, ал көлік орны 735 000 теңгені құрайды», - деді Асқарбек Өсербаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Енді 15 ақпаннан бастап EXPO қалашығындағы пәтерлерді бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Асқарбек Өсербаевтың айтуынша, енді қалашықтағы пәтерлерді сатудың жаңа механизмі жұмыс істейді. Ол механизм бойынша тұрғындар пәтерді 12 жылға дейін 3 жылдық пайыздық мөлшерлемемен ала алады. Пәтерді жаңа механизм бойынша сатып алу үшін негізгі шарттар орындалуы тиіс: сатып алушы төлем қабілетін растап, пәтер бағасының кем дегенде 20 пайызын төлеуі керек - бұл алғашқы жарна ретінде саналады.
Кейін «Бәйтерек девелопмент» АҚ -пен мүліктің кепілге алынғаны туралы келісімшартқа отырып, 3 айлық көрсеткіш мөлшерінде кепілді жарнаны төлеп, алынған мүлікті бөліп төлеу мерзімі кезінде сақтандыру қажет. Компаниядағылардың айтуынша, бір отбасы тек бір пәтер ала алады.
Айта кетсек, отандық және шетелдік делегацияларды орналастыру үшін «ЭКСПО-2017» көрме-кешенінің аумағында көпқабатты 42 үй салынған болатын. Бүгінге дейін олардан 148 пәтер мен 103 көлік орны сатылып кетті. Жылжымайтын мүлікті сатып алуға Digital Baiterek онлайн-платформасы арқылы барлығы 1547 өтінім келіп түскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram