Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әкесі қызын 10 жыл бойы бір орында қозғалмай күтуде
Таиландта қария тастап кеткен қызын бір орында қайтып келеді деген үмітпен 10 жылдан бері күтуде.
17:25 01.02.2019
Бангкоктық қарияның аянышты тарихын Facebook желісінде әскери қызметкер Порамет Мисомфоп жариялаған. Оның айтуынша, 30 қаңтар күні жергілікті тамақтану орнында түстеніп жатқанда жолға үмітпен қарап отырған қарияны байқап қалған. Әскери қызметкер жақын жердегі дүкен иелерінен ер адам жайлы сұрастырады.
"10 жыл бұрын осында бойжеткен көлігімен келіп, осы кісіні тастап кетті. Әлдене деп айтып кетіп қалған", - дейді жергілікті тұрғындар.
Бойжеткен қартты сол жерге қалдырып, өзі кетіп қалған. Қария қызының жұмыс істеуге кеткенін, кейін алып кететінін айтқан. Аяушылық білдірген дүкен қызметкері қарияны тамақтандырып келеді екен. Ер адам қызының кез келген уақытта келіп қалуы мүмкін екенін айтып, оны үнемі сол орында күтеді. Үмітін үзбегеніне 10 жыл өте шығыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram