Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
КТК арнасының тілшісі «Ұлы дала» республикалық байқауының жеңімпазы атанды
КТК арнасы жаңалықтар қызметінің тілшісі Мақсат Мәлік «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауында проза жанры бойынша үздік деп танылды.
16:41 01.02.2019
Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуымен алғаш рет өткізілген «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті. Соған орай бүгін байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.
Жалпы байқауға 18 бен 40 жас аралығындағы қаламгерлер қатысты. Шығармаларды қабылдау мерзімінің қысқалығына қарамастан 400-ден астам еңбек келіп түскен. Нәтижесінде бес бірдей аталым бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Поэзия, драматургия, көркем фильмдер мен телесериалдар сценариі, балаларға арналған шығармалар және публицистика бар.
Атап айтқанда, «Проза» аталымында КТК арнасының тілшісі топ жарды. Мақсаттың «Құдық басындағы екеу» шығармасы қазылардың жоғары бағасына ие болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram