{metadescription}
ШҚО-да жарты ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің өлі денесі табылды

ШҚО-да жарты ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің өлі денесі табылды

Із-түссіз жоғалған әйелдің денесі өлі табылды.

Қалбатау ауылының тұрғыны болатын. 14 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында ол үйінен шығып, жұмысына кеткен. Сол бойы қайта оралмаған.

Екі аптадан астам уақыт еріктілер тобы мен полиция қызметкерлері Айнұрды іздеу жұмыстарын жүргізді. Бүгін оның өлі денесі табылғаны туралы ақпарат түсті. Қалбатауда боран болған. Айнұр Семсенова түтеген боранда адасып, үсіп қалғанын мәлімделген.

Алайда, марқұмның туыстары құқық қорғау органдары айтқан бұл жауапқа сенбейді. Туыстарының айтуынша, қыздың денесін әкесі тапқан және ол жерді барлығы бірнеше мәрте тексерген.

«Айнұр адасып, үсіп қалды деген жауапқа мүлде сенбейміз. Біріншіден, оны ауыл жанынан тапты. Ал, оның дәл жанында көлік жолы, тұрғын үйлер болды», - дейді туыстары.

«Күйеуім үш күн сол жерде жүрген. Дәл сол жерде тұрғындар да еріктілер де болды. Денесін тапқанда мен де бәрін көрдім. Айнұр шалқасынан жатты, аяқ-қолы түзу және үстінде сәл ғана қар болған. Бірақ, сол күндері қарлы боран болды», - деді марқұмның әпкесі.

Туыстары Айнұрдың денесін сол жерге тастап кеткеніне сенімді және оқиғаны көрген куәгерлер хабарласса дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.