Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әскери базадағы жарылыстан оқушы көз жұмды
Тәжікстандағы ресейлік әскери полигонның аумағында қайғылы оқиға болды.
14:24 04.02.2019
Тәжікстанда 201-ші ресейлік әскери база аумағында оқ-дәрі жарылысынан тоғызыншы сынып оқушысы ажал құшты. Бастапқы тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, Рудаки ауданының тұрғыны 16 жастағы Сироджиддин Раджабов полигон аумағына жасырын кіріп, темір-терсек жинамақ болған.
Өкінішке орай, оқ-дәрі жарылып, жасөспірім қаза тапты. Оқиғаға қатысты басқа деректер жарияланған жоқ. Ресейдің 201-ші әскери базасы – Орталық әскери округ құрамындағы Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің әскери бөлімі. База Тәжікстанда орналасқан.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram