{metadescription}
Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспектор «Барыс» орденімен марапатталды

Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспектор «Барыс» орденімен марапатталды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевті орденмен марапаттады.

Ерлан Нұрғалиев 13 қаңтарда сирек кездесетін және құрып кету қаупi бар ақбөкендерді қорғау барысында браконьерлердің қолынан ауыр жарақат алып, қаза тапқан болатын. Қызметтік парызын өтеу барысында батылдығы мен қайсарлығы үшін марқұм Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкқа ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені беріліп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданында браконьерлер «Охотзоопром» кәсіпорнының екі инспекторына оқ жаудырған болатын.

Тарқатып жазсақ, 2019 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысының Нұра ауданына рейд жа­сау­ға шығып, атылған 5 киік­ті тауып алған. Сондай-ақ оқиға барысында нөмірлері тіркелмеген екі ­кө­лікті көрген. Белгілі болғандай, Көлікті қарап жатқан қызметкерлерге үш браконьер шабуыл жасайды. Соның салдарынан бір инспектордың жағы сынып, ал екінші инспектор бас-сүйек жарақатын алып, біршама уақыт ауруханада ес-түссіз жатқан. Оқиға салдарынан Ерлан Нұрғалиев жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

18 қаңтар күні браконьерлер қолынан қаза тапқан табиғат сақшысы Ерлан Нұрғалиевтің отбасына ауылшаруашылығы министрлігінің барлық қызметкері бір күндік жалақысын берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.