Төрт дүркін Олимпиада чемпионы өмірден озды
Төрт дүркін Олимпиада чемпионы болған фин спортшысы Матти Нюкянен 55-ке қараған шағында қаза болды.
17:09 04.02.2019
Шаңғымен трамплиннен секіру бойынша төрт дүркін Олимпиада чемпионы болған фин спортшысы Матти Нюкянен 55-ке қараған шағында өмірден озды.
Нюкянен спорттың осы түрінен Финляндияның ең көп жүлде алған спортшысы болды. Олимпиаданың төрт алтынынан тыс, оның қоржынында Әлем чемпионатының бес алтын медалі бар. Спортшы мансабын аяқтаған соң, ішімдікке салынып, соның салдарынан екі рет түрмеге де түсіп шыққан болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!