{metadescription}
Нан бағасы қымбаттады

Нан бағасы қымбаттады

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Тараз қаласы мен аудандарда бөлке нанның бағасы 65 тен 70 теңгеге, яғни 5 теңгеге қымбаттады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев Жамбыл облысында нан бағасы 2016 жылдың 19 тамызынан бері тұрақты болғанын жеткізді. Былтырғы жылдың 5 қазанынан бастап Тараз қаласының наубайханалары ұн бағасының көтерілуіне байланысты нан құнын 10 теңгеге көтеру жөнінде әкімдікке бірнеше рет хат жолдаған еді. Осыған орай, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей тапсырмасымен 2018 жылдың 19 қарашасында жұмысшы топ құрылып, ұн мен бидай нарығына талдау жүргізілді.

Жүргізілген талдау нәтижесінде өткен жылдың екінші жартысынан бастап солтүстік өңірлердегі бидай бағасы 1 келі үшін 45-50 теңгеден 65-70 теңгеге көтерілді, сондай-ақ, ұнның бағасы сәйкесінше 65-70 теңгеден 85-90 теңгеге дейін өскен. 

«Жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, тұрғындардың кірісін, наубайханалардың қаржылық жағдайын, көршілес өңірлердегі нан бағасының деңгейін және тұрақтандыру қордан 100 млн. теңгеден астам күтілетін шығындарды ескере келе, ағымдағы жылдың 21 қаңтарында облыс әкімінде наубайханалардың қатысуымен өткен отырыс барысында нан бағасын 5 теңгеге көтеру жөнінде шешім қабылданды. Нан бағасын 10 теңгеге көтеру жөніндегі наубайханалардың өтініштері талданып, 5 теңгеге ғана көтеруге негізі бар екені дәлелденді. Бұл қадам наубайханалардағы өндірістік әлеуетті, сондай-ақ нанның сапасын сақтауға мүмкіндік береді»,- дейді Берік Болатұлы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.