Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты сабақ болмайды
Кей өңірде бірінші ауысымдағы сабақтар болмайтын болды.
13:50 05.02.2019
Павлодарда, Қостанайда және Шығыс Қазақстанның бірнеше қаласы мен ауданында сейсенбі 5 ақпан күні мектепте сабақ болмайды. Павлодарда бүгін 1-ші ауысымдағы 1-11-сынып оқушылары сабақ оқымайды. Мұнда ауа температурасы 33 градус аяз, желдің екпіні 4 м/с. Шығыс Қазақстан облысында қатты аязға байланысты сабақ болмайды:
Семейде – бірінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушыларына; Риддерде – бірінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушыларына; Шемонаиха ауданында – бірінші ауысымдағы 1-4-сынып оқушыларына; Бесқарағай ауданында – бірінші ауысымдағы 1-11-сынып оқушыларына.
Өскеменде оқушылар сабақ оқи береді. Қостанайда бірінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушыларына сабақ болмайды.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram