Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте зорланған бойжеткен 3-қабаттан секіріп кетті
Шымкентте алып қашудың құрбаны болған 19 жастағы бойжеткен үшінші қабаттан секіріп кеткен.
15:30 05.02.2019
Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бойжеткеннің оқиғасы туралы өзінің Facebook-парақшасында Еркін Кахаров жазды.
«Аружан ол жігітпен танысып, екі-үш күн кездескен, сосын алып қашқан. Барған соң ол келін болуға көнбеген. Бірақ бетін ашып, рәсімдер жасалған. Қыздың ата-анасы оның көнбегені туралы білмеген. Қыз бір апта бойы төсекке жатуға келіспеген, бірақ 25 қаңтар күні оны еркінен тыс зорлаған. Осыдан кейін ол үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Ол 31 қаңтарда ауруханаға түскенімен, сол күннен бастап тергеу шаралары жүргізілмеген. Ауруханада жүретін полицейлер де неге екені белгісіз, бұл қыздың жағдайына назар аудармаған. Сосын мен арыздануға мәжбүр болды. Артынша Фейсбук әлеуметтік желісіне жазғаннан кейін 4 ақпан күні қылмыстық іс қозғалды»,- дейді Еркін Қахаров.
Жазба авторының айтуынша, жедел жәрдемді куәгерлер шақырған. Ал қыздың телефонын ұлдың әке-шешесі тартып алыпты. Жақындары болған жағдай туралы ертесінде бірақ білген. Қазір қыздың бел омыртқасына зақым келіп, бірнеше жерінен сүйегі сынған. Орташа дәрежеде жарақат алған бойжеткен ауруханада ем қабылдап жатыр.
«31 қаңтарда өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы қызға қатысты ҚР ҚК 105-бабы («Адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – дейді полиция баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram