{metadescription}
Туған күніне әріптестерін шақырған әншіге 500 доллар айыппұл салынды

Туған күніне әріптестерін шақырған әншіге 500 доллар айыппұл салынды

Душанбе соты танымал тәжік әншісі Фируза Хафизоваға туған күніне бірнеше әріптестерін шақырғаны үшін, 5 мың сомониға (500 доллар) айыппұл салған.

Бұл жөнінде мемлекеттік телеарналар хабарлады. Туған күн шарасынан түсірілген видео интернетте жарияланып кеткен. Кейін оны мемлекеттік телеарналар да көрсеткен.

Тәжікстанның мерекелік шаралар мен салт-жоралғыларды өткізу жөніндегі заңның 8-бабына сәйкес, азаматтар туған күнді тек отбасы мүшелерімен ғана атап өтуі тиіс. Сонымен бірге туған күнде мал союға тыйым салынады.

Аталған заң 2007 жылы аста-төк тойларды өткізуге тыйым салыну үшін қабылданған. Тойға 150 адамнан артық адам шақыруға болмайды. Ол кемінде 3 сағатқа ғана созылып, 18.00-дан кейін тарқауы тиіс. Аста-төк той өткізгендерге 3 мың доллар айыппұл қарастырылған. Егер бұл заңды шенеуніктер бұзса, бірден жұмыстан қуылады.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.