{metadescription}
0:000:00

Димаш Құдайберген АҚШ-тағы шоуда өнер көрсетті

Димаш Құдайбергеннің The World's Best («Әлемнің үздіктері») шоуында айтқан әнінің тизері жарияланды.

Димаш Құдайберген әлемнің ерекше дарын иелері бас қосқан шоуда S.O.S d'un terrien en détresse француз әнін орындаған. Айрықша дауысқа ие отандасымызды көрермендерге "Алты октава адам" деп таныстырыпты. Сарапшылар Димаш Құдайберген ән айтып жатқанда орнынан тұрып, қол шапалақтаған.

«Сен The World's Best шоуының құрылуына себепшісің», - деді судьялардың бірі, актер Ру Пол Андре Чарльз.

Қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова қатысқан бөлім эфирге АҚШ уақытымен сәрсенбіде шығады. Айта кетейік, қазақстандық әншілердің көрсеткен өнерін Астана уақыты бойынша ертең, 7 ақпанда сағат 6.00-де көруге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде