{metadescription}
0:000:00

6 қабатты үй қирап, тұрғындар үйінді астында қалған

Ыстанбұлда құлаған үйден кемінде 1 адам мерт болды.

Құлаған үй 6 қабатты болған. Телеарна таратқан мәліметтер бойынша, осы кезде 4 адамды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Телеарна сонымен қатар жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып 20-дан астам адамның құлаған үйінділер астында болуы мүмкіндігін хабарлады.

«Үйдің төменгі қабатында 20-25 адам жұмыс істейтін шеберхана болған. Жарылыс болған жоқ, үй өзінен-өзі құлай бастады»,-деп келтіреді NTV аудан белсендісінің сөзін.

Картал ауданында 12 пәтері бар үйдің неден құлағаны осы уақытқа дейін белгісіз. Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, куәгерлердің кейбірі үй құлар алдында жарылысқа ұқсайтын дыбысты естігендерін айтқан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.