Ертең елімізде қатты аяз болып, боран соғады
Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.
16:58 07.02.2019
Қазгидромет ертеңгі күнге ауа райы болжамын ұсынды. 8 ақпан түнде Ақмола облысында 35-40 градус қатты аяз сақталады. Күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Астана қаласында түнде 35-37 градус қатты аяз сақталады. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында күндіз 8 ақпанда жаяу бұрқасын, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Түнде 8 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз 40 градус сақталады. Күндіз кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі.
8 ақпанда Петропавл қаласында күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстаң соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. 8-10 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. 9-10 ақпанда кей жерлерде көктайғақ, оңтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!