Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шатырдан құлаған мұздан студент қаза тапты
Санкт-Петербургте Химия-фармацевтикалық мемлекеттік университетінің проректоры ұсталып, оған қарсы Қылмыстық кодекстің "Немқұрайдылық" және "Пара алу" бабы бойынша іс қозғалған.
09:20 08.02.2019
5 ақпанда университет ғимаратының шатырынан мұз құлап, 23 жастағы 5-курс студенті, өзбекстандық Бабурбек Очилов қаза тапқан. Оның досы, тәжік азаматы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Марқұмның әкесі кінәлілерді кешіруге дайын екенін айтып, тергеу комитетінен ұлының денесін тілмеуін өтінген. Бабурбек Очиловтың курстастары оның әрі қарай провизорлықты оқуды армандағанын айтады. Қаза болатын күні бақылау жұмысын тапсыру үшін, кафедраға барған екен.
Тергеушілер шатырдың тазалығына оқу орнының шаруашылық жөніндегі проректоры жауапты болуы керек деп есептейді. Сонымен бірге оқу орны проректоры қызметкерлерден 50 мың рубль көлемінде пара алғаны айтылған.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram