Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан әйел ұсталды
Қызылорда қаласында «жеңгетайлықпен» айналысқан 35 жастағы әйел қолға түсті.
09:53 08.02.2019
Оны Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Олар келіп түскен ақпарат негізінде жедел жұмыстар жүргізген болатын.
«Бұл азаматша бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда сот шешімімен мүлкі тәркіленеді. Оған бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram