Тоғыз адам нөсер жаңбырдың құрбаны болды
Ауа-райынан Чилидің солтүстік аймақтарындағы адамдар зардап шекті.
14:35 09.02.2019
Арнасынан тасыған өзен салдарынан 800-ден астам үй зардап шекті. Чилидің солтүстігіндегі жауын-шашынның салдарынан тоғыз адам қаза болды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Арнасынан тасыған өзен 800-ден астам үйді бұзған. Ауыр жаңбыр салдарынан 75 ғимарат толығымен жойылған. Чили президенті Себастьян Пиньера Лоа провинциясының аумағын апат аймағы деп жариялады. Ауа-райы салдарынан демалысқа шыққан президент уақытынан бұрын қайтып, зардап шеккен аудандарға бет алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!