Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ауыр дертке шалдыққан ер адам 6 жыл бойы тамақ жей алмай қалған
Ұлыбритания тұрғыны өзінің денесі 6 жыл бойы «өзін іштей жеп келгенін» айтты.
18:45 09.02.2019
Оның тәні ауру салдарына ешқандай тамақты қабылдамаған. 45 жастағы Ли Бэйкер 2009 жылы өзінің саркоидоз дертіне шалдыққанын білген. Арада біраз уақыт өткеннен кейін оның 2-типтегі сусамыр дертіне шалдыққаны анықталыпты. Ер адам ем-дом қабылдаған 4 жыл ішінде айтарлықтай оңала қоймаған. Мұнан кейін 6 жыл көлемінде гастропарезден зардап шеккен.
Мұндай ауру кезінде асқорытылуы бұзылып, асқазан бұлшықетінің белсенділігі төмендейді. Салдарынан ер адам қатты тамақ жей алмай, арықтап кеткен. Ол күніне 4 стақан сүт коктейлін ішіп, соңғы екі жылда 114 келіден 50 келіге арықтаған.
«Қатты зат жесем болды, 1-2 минуттан кейін жағдайым нашарлап, сыртқа әрең шығатынмын. Менің бұлшықеттерім мен майларымды ауру жеп қойды», – дейді Бэйкер.
Ал Бэйкердің жұбайы сол кезде күйеуінің құр сүлдері ғана қалғанын айтады. Ол күйеуі үшін қатты уайымдаған. Айтуынша, ол күш-қуатынан айырылып, күнделікті шаруаларын жасай алмай қалыпты. Алайда әйеліне қиналғанын білдірмес үшін күлік жүруге тырысқан.
«Осындай түрлі дертке шалдыққан кезде ең ауыр болғаны – өзгелердің мендегі қиындықтарды өзім қолдан жасап алғандай көргені», – дейді ер адам.
Бэйкердің жұбайы бірде мақала көріп қалған. Осыдан кейін бәрі өзгеріпті. Сол кезде отбасы ауруханаға барып, тиісті ем алған. ынталандыратын процедуралардың арқасында Бэйкер екі айдан кейін 6 жылда алғаш рет қатты тамақ жеді.
«Менің алғашқы тамағым – екі тілім нан мен, шабдалы йогурты болды. Бұл менің өмірімдегі ең дәмді тағам болып көрінді», – дейді ол.
Нәтижесінде ер адамның жағдайы жақсара бастаған. Ол бұрынғыдай тамақтана бастап, тіпті, сусамын дертінен жазылған. Бэйкер 2-3 аптаның ішінде 10 келі салмақ қосып, сырт келбеті де өзгеріпті. Дертімнен сауығуым өміріме «айрықша мән-мағына» берді, дейді ол.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram