24 жастағы жігіт Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Әлихан Қапановтың туыстары оның жоғалып кеткені туралы полицияға арыз жазған.
10:52 10.02.2019
«Белгісіз бағытта үйден шығып, қайта оралмады. Телефоны да сөндірулі. Өзімен бірге үйдің кілтін алып жүретін, бірақ бұл жолы кілтті алмай кетті», - дейді жігіттің туыстары.
Туыстарының айтуынша, Әлихан дәл уақытында үйге келетін және кешігіп жатса әрқашан ата-анасын ескертіп отыратын болған. Жігіт сағат 16:30 шамасында Өтепов және Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы үйінен шыққан. Сол күні ол үстіне көк күрте және қара бас киім мен джинсы шалбар киген екен. Бойы -180 см.
Әлиханның туыстары оны көргендер болса, полицияға немесе + 7 701 235 17 19 телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары