Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан тумасы кезекті жекпе-жегін нокаутпен жеңді
Қазақстанда дүниеге келген неміс боксшысы Кристина Хаммер (23-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегін өткізді.
13:43 10.02.2019
Берлиндегі Verti Music Hall залында қарсыласы, грузин боксшысы Елена Сикмашвилиді (8-7, 4 КО) жеңді. Кристина екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Енді спортшының активінде 24 жекпе-жектегі 24 жеңісі бар. Ол орташа салмақтағы WBC және WBO бойынша әлем чемпионы. Маусым айында Кристина Хамер белбеулерін қорғап қалды. Америкалық Тори Нельсонді (19-2-3, 3 КО) төрешілердің шешімімен жеңген еді.
Кристина Хаммер 1990 жылы 16 тамызда Қарағанды облысы Новодолинка ауылында дүниеге келген. Бала кезінде ата-анасымен Германияға көшіп, қазір Дортмундта тұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram