Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ашынған мұғалім сұқбат беруге жалаңаш күйінде келді
Кембридж университетінің докторы, оқытушы Виктория Бейтман BBC Radio 4 арнасына жалаңаш күйінде сұқбат берді.
16:08 11.02.2019
Виктория Бейтман Ұлыбританияның Еуро Одақтан шығуға осылайша қарсылық білдіргісі келді. Сарапшы жүргізуші Джон Хамфриске 5 минуттың сұқбат уақытын беруі тиіс еді. Бейтман пальтосын шешкенде, жүргізуші оның жалаңаш екенін көреді.
«О, сен жалаңаш күйдесің ғой», – деді жүргізуші.
Ол мұғалімнің денесінде “Брекзит Британияны жалаңаш қалдырды” делінген жазбаны оқыды. Сұхбат кезіде сарапшы парламент мүшесі Джейкоб Рис-Моггуге қоңырау тастады. Ол Брекзиттің жақтаушысы.
«Мен Джейкобты Рис-Могпен ашық пікір талас жүргізуге шақырамын. Бұл мәселенің соңына дейін барамыз», -деді ол.
Бұл жайлы Бейтман желідегі парақшасында жазды.
«Бүгін таңертең радиодан Бекзит жайлы айтам. Студияда жылы деп ойлаймын», – деп жазды.
Бейтманның бұл әрекетіне сын айтқандар бар. Көпшілік оның жалаңаштануын күлкілі деп қабылдады.
«Сізді күнә істедіңіз деп ойламаймыз, сіз күнәлі іс істедіңіз деп ойлаймын», – дейді журналист Пирс Морган.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram