Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанның екі аймағында дабылды ескерту жарияланды
Аймақтарда екпінді жел, тұман, сондай-ақ көктайғақ болады деп күтіледі.
18:38 11.02.2019
Синоптиктер 12-13 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс, шығыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететінін, екпіні 23 м/с; 14 ақпанда кей жерлерде солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с; 13-14 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Сондай-ақ, 12 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сол күні Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Екі аймақта да дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram