{metadescription}
Атақты «Қара майор» өмірден озды

Атақты «Қара майор» өмірден озды

Ауғанстан соғысының ардагері, арнайы мақсаттағы 177-отрядтың командирі, отставкадағы полковник, Қара майор деген атпен белгілі Борис Керімбаев ұзаққа созылған дертінен қайтыс болды.

12 ақпанда таңертең «Қара майордың»  қайтыс болғаны белгілі болды. Борис Керімбаев Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуының 30 жылдығы қарсаңында, 71 жасқа толғаннан кейін бір ай өткен соң өмірден озды. Аты аңызға айналған Қара майор туған күнін ауруханада ауыр сырқатынан емделіп жатып өткізген еді.

Әскери ведомство басшысы оған ҚР Әскери барлау алдындағы еңбегі үшін «Алтын үкі» төсбелгісін, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстаған болатын. Борис Керімбаев - 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Прудки ауылында дүниеге келген.

Керімбаев басшылық еткен сарбаздар азиялықтардан (қазақ, қырғыз, өзбек және тәжіктерден) құралғандықтан "мұсылман" батальоны атанып кеткен.  1989 жылы жасақ Ауғанстаннан ақырғы болып шықты. Борис Керімбаев басшылық еткен 177-ші жасақ сапында генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақов, генерал-майор Мұқан Естайұлы Дүйсекеев сияқты болашақ қорғаныс министрлері де болған. 
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.