{metadescription}
Қаруланған адам тұрғындарға шабуылдап, біреуін өлтіріп тастады 

Қаруланған адам тұрғындарға шабуылдап, біреуін өлтіріп тастады 

Жанжал кезінде болған қарулы шабуылдан әке мен бала зардап шекті.

Текелі қаласында полиция қызметкерлері әке мен балаға шабуыл жасады деген күдікпен ер адамды ұстады, жәбірленушілердің бірі ауруханада қайтыс болды.

Белгілі болғандай, әке мен ұл дүкендердің бірінің жанында ер адаммен жанжалдасып қалған. Төбелес кезінде белгісіз жан қолына пышақ алып, қарсыластарын ұрған. 53 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды, оның 27 жастағы ұлы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, деп жазады sputniknews.kz.

Полиция күдіктіні ұстағаны мәлім болды, қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына («Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған қасақана ауыр дене жарақатын салу») сәйкес, алдын-ала тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында қылмыстың барлық мән-жайы анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.