{metadescription}
Үйлену тойындағы тамаққа көңілі толмаған қонақтар төбелес шығарды 

Үйлену тойындағы тамаққа көңілі толмаған қонақтар төбелес шығарды 

Қонақтар ыдыс-аяқты сындырып, мейрамхананы тас-талқан етті.

Үйлену тойының қонақтары Нью-Делидегі бес жұлдызды қонақ үйлердің бірінде ойран салды. Оқиға түсіп қалған видео желіде тарап кетті.

Видеожазба 10 ақпанда Нью-Делидегі бесжұлдызды мейрамханалардың бірінде түсірілген. Видеода ішімдікке тойып алған ер адамдар даяшыларға шабуылдап, оларға тәрелке лақтырады. Әйелдер мас күйеулерін ақылға келтірмек болғанымен, онысынан ештеңе шықпады.

Деректер бойынша, адамдардың озбырлық әрекетіне некеге отыру салтанатын жүргізушінің тамақтың суып қалғанына шағымдануы себеп болған. Мейманхана өкілдері ақталып, қонақтар ішімдік ішіп, көңіл көтеріп жүргенде тамақтың суып қалғанын айтқан. Алайда бұл сөз қонақтарды ашуландырды. Салдарынан қонақтар ыдыс-аяқты сындырып, даяшылармен төбелесті.

Төбелес салдарынан мейманхананың кемі 4 қызметшісі зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Ендігі мейманхананың иесі қонақтардың үстінен полицияға шағымданбақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.