Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бір отбасында 3 адам газдан уланып қайтыс болған
Тәжікстанның Хатлон облысы Кушониён ауданында бір отбасының үш мүшесі газдан уланып, қаза тапқан.
15:59 13.02.2019
Қайғылы оқиға 10-ынан 11 ақпанға қараған түні болған: таңға қарай 49 жастағы үй иесі Зокир Шокировтың және екі баласы – 19 жастағы Анас пен 18 жастағы Мадинаның денесі табылған. Сот медициналық сараптама жүргізгеннен кейін, олар жерленген. Шокировтар отбасының көршісі Азиза Бобоева қайғылы оқиға ауылды күңірентіп жіберді дейді.
«Олардың есігінің алдында шағын дүкен болатын. Таңға қарай дүкен жабық тұрды. Сатып алушылар келіп, есікті қақты. Ешкім ашпады. Кейін тағы бір сатушы келді. Терезесін қақтық. Терезесі ашылып кеткен кезде, жан түршігерлік оқиғаны көрдік», - дейді Шокировтар отбасының көршісі.
Оның айтуынша, үшеуін де ауруханаға жеткізген. Бірақ тым кеш болған. Сот медициналық сараптама қорытындысы әлі шықпаған. Бірақ көршілері Шокировтардың газдан уланғанын айтып отыр.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram