Вице-министрдің журналиске берген жауабы желіні жарды: «Жынымды келтірмеңізші»
Әлеуметтік желіде Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің тарифке қатысты сұрақ қойған тілшіге берген жауабы қызу талқыға түсті.
16:55 13.02.2019
Вице-министр орынбасына тілшілердің бірі тарифтер туралы сауал қойды. Анығырақ айтсақ, шенеунікке тілшінің тариф туралы қойған сұрағы ұнамаған сыңайлы.
«Мен кеше Парламентте тарифтер жайлы айттым. Бұл жерде ұсақ және орта кәсіп жайлы. Сіз маған осы жерде тарифтер жайлы сұрағыңыз келіп тұр ма? Ресми түрде маған келіңіз. Тарифтер жайлы басынан аяқ айтып беремін, блин. Жынымды келтірмеңізші», – дейді вице-министр.
Алайда өзге журналист осы кезде әңгімені басқа арнаға бұрып, Жұмағаринді сұхбат беруге көндірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!