Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Кәріз құдығынан жаңа туған нәресте табылды
Оңтүстік Африка республикасында жаңа туған нәресте кәріз құдығынан табылды.
18:37 13.02.2019
Шақалақ ол жерде бірнеше сағат жатқан. Ол аман-есен. Оқиға 11 ақпанда Дурбан қаласында орын алған. Жергілікті тұрғын Айрон Лавдейл кәріз құдығының маңынан өтіп бара жатып нәрестенің жылаған даусын естіген. Бастапқыда ол мияулап жатқан мысық болар деп ойлапты. Алайда құдықтың бетін ашқанда, ол жерден жаңа туған қызды көреді.
Мұнан кейін ер адам құтқарушыларды шақырыпты. Қызды құтқару бойынша операция 3 сағатқа созылды. Бастапқыда құтқарушылар сәбиді шұңқырдан алып шығу үшін, жер қазатын көлікпен 2 метрлік шұңқыр қазып, артынша барлық қәріз құбырын сындырған. Осылайша, олар нәрестені аман-есен алып шығып, дәрігерлерге тапсырды.
Дәрігерлер нәрестені қарап, ауруханаға жіберді. Әзірге нәрестенің ата-анасының тұлғасы анықталмады және оның кәріз құдығына қалай тап болғаны белгісіз. Қазіргі уақытта нәрестенің туыстары іздестіріліп жатыр.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram