Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Күннің жылынуына байланысты 4 өңірде ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ауа температурасының жоғарылауына байланысты 4 өңірде ескерту жариялады.
01:24 14.02.2019
Күннің жылынуына байланысты Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласында 14-17 ақпан аралығында қардың еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, өзендерде мұз көбесінің сөгілуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Сондай-ақ 14 - 16 ақпан күндері Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағындағы тұсында күндіз ауа температурасының көтерілуіне орай мұздың жібуі, су деңгейлерінің көтерілуі болжанады. Еске салайық, синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістан облысында да ескерту жариялаған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram