Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Анасы мен екі баласы тірідей жанып кетті
Бішкек түбіндегі ауылда өрттен бір әйел 9 және бір жарым жастағы баласымен тірідей жанып кеткен.
09:25 14.02.2019
Қырғызстанның ІІМ өрттің шығу себебі жөнінде ресми түсініктеме бермеді. Көршілері әйел өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды. Өрт болғанға дейін әйел бірнеше литр бензин сатып алған екен. Марқұмның енесімен қарым-қатынасы өте нашар болған екен.
Көршілері 12 ақпан күні күндіз үштер шамасында үйдің сарайы өртеніп жатқанын байқаған. Өрт сөндіру қызметі келгенше, тұрғындар өз қолдарымен өртті сөндіруге әрекет жасаған. Бірақ олар сарайдың ішінде адамдар болғанын білмеген.
"Сарайдың терезесі болған. Бірақ іштен бәрі жабылған. Егер іштен адамдардың дауысын естігінде, терезені бұзып кіруші едік ғой. Ешқандай дауыс шықпады", – дейді көршісі Аткамжан Ярмухомедов.
Марқұмның отбасы жайында көршілері жақсы пікір айтады. Күйеуі Игорь мен әйелі Мээрим арасында ешқашан ұрыс-керіс байқалмаған. Екеуі де нашар естіген. Олармен бірге күйеуінің анасы тұрған. Күйеуі күні бойы жұмыста болған, ал әйелі балаларына қараған. Бірақ көршілерінің айтуынша, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас өте нашар болған. Қайтыс болған әйелдің көршісі Наталья Кравченко өрт болғанға дейін оның бензин сатып алғанын айтады.
"Ол бензинді бізден сатып алды. Одан әрі не болғанын ешкім білмейді",- дейді ол.
Ал күйеуінің туыстары болса, марқұмға қысым көрсетпегенін айтады. Милиция бұл іс бойынша тергеу амалдарын бастаған.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram