{metadescription}
Алматыда ер адам лифт шахтасына құлап ажал құшты

Алматыда ер адам лифт шахтасына құлап ажал құшты

13 ақпанда Алматы қаласындағы «Алғабас-6» ықшамауданының тұрғыны лифт шахтасына құлап қайтыс болды.

Көршілерінің айтуынша, ауған соғысының ардагері Талғат Жастықбаев істемей тұрған лифт шахтасына сағат 16:20-де құлаған, алайда денесі тек 21:00-де бір-ақ табылды. Тұрғынның шахтаға құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Видеода ер адам лифт шақырып, дер уақытында келмеген соң есіктерін, түймелерін ұра бастаған.

Шыдамы таусылған соң шахта есігінің астыңғы тұсынан теуіп ашып жіберген. Аздаған уақыттан соң ол қараңғы кабинаға кірмек болып, аттаған кезде ары қарай құлап кетеді. Механик 1-қабаттағы есікті ашқанда ер адамның денесін тапқан.

Тұрғындардың айтуынша, бұл бірінші рет болып тұрған оқиға емес. Лифт бұған дейін де істен шығып тұрды дейді олар. Алайда, лифтінің есігін иықпен қағып жібергенде, ол қайта жұмыс істеп кететін болған. Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Лифт әзірше жұмыс істеп тұрған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.