Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Ана үміті» науқас балаларды емдеуге арналған шараны қолдауға шақырады
«Ана үміті» – Семей қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары құрған Қоғамдық бірлестік.
14:30 14.02.2019
Оның қызметі мүгедектігі бар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оңалту және психоневрологиялық аурулармен ауыратын балаларды емдеуге көмектесу болып табылады. Осы орайда қайырымдылық қорлар және ұйымдар көмек беруде.
Құрметті Алматы қаласынын тұрғындары! Сіздерге дәл осы жандарға қол ұшын созып, қайрымдылық жасауға мүмкіндік туып отыр. 22 ақпанда ҚазҰМУ қолдауымен «Ана үміті» Қоғамдық бірлестігі және Алмат Сақатовтың жетекшілігімен ұйымдастырылған «Керемет» әзіл-сықақ театры «Үмітпен болашаққа» атты қайырымдылық кешіне шақырады.
Кеште қазақ эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сауапты іс жасау арқылы сіздер Семей қаласының сал ауруымен ауыратын екі балаға – үш жарым жастағы Асетұлы Жәңгір (ДЦП) мен төрт жарым жастағы Болатұлы Айдарға (ДЦП) көмек ұсына аласыздар. Бұл өмірде мейірімді адамдар көп екеніне біздің сеніміміз мол.
Қосымша ақпарат алу үшін: 8777-259-78-78
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram