{metadescription}
Ақтауда бір жарым жасар қыз батарея жұтып қойған

Ақтауда бір жарым жасар қыз батарея жұтып қойған

Облыстық ауруxананың дәрігерлері 1 жарым жасар қыздың ішінен батареяны алып шықты. 

Жансақтау және анестезиология бөлімінің меңгерушісі Қазбек Келемановтың айтуынша, батерея xирургиялық жолмен емес, арнайы аппаратпен алынған. Осылайша, жаңаөзендік 1 жарым жасар қыздың өмірін сақтап қалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Анасы қызының теледидар пультінің батареясын қалай жұтып қойғанын байқамапты. Келесі күні ғана бала құсып, мазасызданған соң емxанаға апарған. Дәрігерлер УДЗ-ге түсіріп, баланың асқазанында батарея барын айтқан. Бала бірден Жаңаөзеннен облыстық ауруxанаға жіберіледі. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты.

Қазбек Келеманов балалардың жанына қауіпті ойыншықтар мен ұсақ заттар тастамауға кеңес береді. Ол 3 жылдан бері ота кезінде балалардың асқазанынан алған заттарды жинап жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде