Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ауа райына байланысты 2 облыста ескерту жарияланды
Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына орай екі облыста ескерту жариялады.
17:06 14.02.2019
15 ақпан күні ШҚО-ның кейбір жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын болатыны күтіледі. «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. 15-17 ақпан күні Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ сақталады.
Осыған дейін, синоптиктер күннің жылынуына байланысты Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласында да ескерту жариялаған болатын. Бұл өңірлерде 14-17 ақпан аралығында қардың еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, өзендерде мұз көбесінің сөгілуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram