{metadescription}
Мені өлтірші деп өзі өтінді: Өскеменде «бомж» сот алдында жауап берді

Мені өлтірші деп өзі өтінді: Өскеменде «бомж» сот алдында жауап берді

Сотталушы қазан айында өзінің 41 жастағы шөлмектес досын жіппен буындырып өлтірген.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 32 жастағы үйсіз-күйсіз адамды 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы қазан айында өзінің 41 жастағы шөлмектес досын жіппен буындырып өлтірген. Оның айтуынша, «мені өлтірші» деп жолдасының өзі өтініш білдіріпті.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, өзін-өзі қорғау немесе күш көрсету белгілері анықталмаған. Алайда, сот айыпталушының сөзін дәлелсіз деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

«Айыпталушының кінәсін мойындағанын және жасаған қылмысын өкінетінін, сондай-ақ мас күйінде қылмыс жасағанын ескере отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде